«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мақала Жаңа Жыл

09.01.2018

Кен негізгі мектебінде Жаңа жыл мерекесінің өткізілуі

Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа

жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан

жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз. Тауық жылын артқа тастап, міне ит жылын да

қарсы алдық. «Ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа»- демекші айтулы мереке біздің

ошағымызда да аталып өтті. Кен негізгі мектебінде 28 желтоқсанда Жаңа жыл

мерекесі өткізілді. 0-4 сынып оқушыларының қатысуымен «Армысың, Жаңа

жыл» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Балаларды

қарсы алған Аяз Ата мен Ақшақар, Қарақшылар, Сиқыршы, Жалмауыз кемпір, Тауық

және Ит , т.б. кейіпкерлер қонаққа келді. Аяз Ата мен Ақшақармен бірге балалар

ойын ойнады, биледі, балалар өздерінің өнерлерін көрсетті. Ең әдемі киімге

сайыс өткізілді, соңында барлық балалар сыйлық алды, бір де бір бала сыйлықсыз

қалған жоқ. Барлық балалар тәтті сыйлықтар Аяз Атадан алды.Оқушылар 2

топқа бөлініп,  тапсырмаларды орындады.  Оқушылар Ескі «Тауық» жылымен

қоштасып, Жаңа жыл «Итті» қарсы алды. Шыршаны айнала би билеп, ән салып, Аяз

ата мен Ақшақарға өз өнерлерін көрсетті.  Жаңа

Жылдың мерекесі жақсы өтті! Жаңа жыл! Бұл күн тіршіліктің барлық

иелеріне жаңа үміт, қуаныш, ерекше махаббат сыйлайды.Сол махаббат, қуаныш пен

үміт жыл бойы шаңырақта болсын! Мерекелік кештің қуанышқа толы көңілді сәттері

жыл бойына әрбір шаңырақта сақталсын! Ескі жыл есіркеп, Жаңа жыл жарылқасын!

Просмотров: 462


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст