«Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Кең ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Кенское отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сынып сағаты: «Бір Отан – бір отбасы»

11.02.2021

Сынып сағаты: «Бір Отан – бір отбасы»

Мақсаты: «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету.

Сабақтың міндеттері:

- Отбасының негізі өмірдің ұйтқысы киелі қасиетке ие болу сыры туралы

түсініктерді кеңейту;

- Отбасы тірлігі мен құндылықтарын атап, қадір-қасиеті туралы

философиялық астарына назар аудару;

Отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, алдағы өмірге

даярлау.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, нақыл сөздер.

Әдісі: Әңгімелесу, ой-пікірлесу.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіңдер ме, оқушылар?

Бүгінгі сынып сағатымыз отбасы жайында болмақ.

Әнұран.

Әңгімелесу: Бүгін біз бір ғажайып әлем туралы сыр шертеміз. Қалай ойлайсыздар ол қандай әлемболуы мүмкін. Ол сіздер өскен шағын мемлекет, яғни жанұя бірлігі, ынтымақтастығы, достығы, өзара сыйластықтары. 

Жаңа ақпарат: 

      Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс -тіршілік әкеледі. Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамныңақ неке қиып, отау тігуінен құралады. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі бала. Баланың тәрбиелі, жан-жақты болып өсуіне берекелі,өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы зор. Отбасы ата мен баланың, келі мен ененің және басқа отбасы мүшелерінің жылы қарым қатынасынан құралады. Отбасы берекелі, тату болу үшін

сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр

адамның жүрегінен орын алуы керек. Балаларын өздерін қоршаған

ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру- ата-ананың ең маңызды міндеті. «Отан оттан басталады»дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпыадамзаттың болашағы, даму деңгейі отбасынан басталады.Отбасы діңгегі –бала, ұрпақ өсіру, оның тәрбиесі. Отбасылық өнеге махаббатта, сыйластықта, береке мен бірлікте. Елдің, ұлттың болашағы әр отбасында шешіледі.

Балалар, барлығымыз ойланып қарайықшы «ОТБАСЫ» дегеніміз не?

(Оқушылыр өз ойларын айтады)

«ОТБАСЫ» деген кім?

Туысқандық, бірлік ұғымдарын тудырушы;

Кішкене бір мемлекеттік орта ;

Ұрпақ өрбітуші ерекше ұя ;

Ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы;

Барлық ағайынды жақындастырушы ;

Отбасы мүшелерінің бір- біріне деген сүйіспеншілігі;

Отбасы мүшелерінің бір- біріне деген мейірімділігі

ОЙЛАНАЙЫҚ, ПІКІРЛЕСЕЙІК 

Отбасы деген ұғымды қалай түсінесіз ?

Отау дегеніміз не?

Отағасы деген кім?

Отанасы деген кім?

ТАПСЫРМА

 

ӘҢГІМЕЛЕСУ

Сен отбасыңда кімсің?

- Өзіндік орның қандай?

- Балалар, сендер «Ана туралы жыр» әнін білесіңер ме?

- Олай болса, Сөзі: Ғ.Қайырбековтікі Әні: Ш.Қалдаяқов

«Ана туралы жыр» әнін барлығымыз орындаймыз.

Әлемнің жарығын

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін

Жинадың сен маған.

Сен бердің құстардың

Қанатын самғаған.

Балалық құштарым Әлдилеп, аялап

Өзіңе арнаған. Өсірген жемісің.

Самал жел, сая бақ

Құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де

Мен саған сәбимін.

Көңіліңді көктемдей

Көзіңнен танимын.

Өтеуге борышым,

Анашым жан сырым.

Іздедім сен үшін

Әлемнің асылын.

Әлемнің байлығын

Сыйлар ем, кеш мені.

Сыйлар ем ай, күнін

Қолыма түспеді.

Қорытынды:

Балалар, бүгінгі сынып сағаты ұнады ма?

Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек.

Назарларынызға рахмет!

 

 

Просмотров: 1232


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст